8.04.2025, 20:00
Оқылды: 90

Бәйтеректе жаңа бөлім басшылары таныстырылды

Біраз уақыттан бері Бәйтерек аудандық ішкі саясат пен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері басшыларының орындары бос тұрған еді. Таяуда бұл қос бөлімге де жаңа басшылар тағайындалды.

IMG-20250408-WA0006
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне кіріскен Әли Темірбаев 1991 жылы Ақжайық ауданында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітірген ол Ақжайық ауданында, Орал қаласында мектеп мұғалімі, Теректі ауданында, облыс орталығында мемқызметші болып еңбек етті. Бәйтерекке келгенше облыстық қоғамдық даму басқармасында бас маман болды.

IMG-20250408-WA0007
Ал 1994 жылы Теректі ауданында дүние есігін ашқан Ғайса Арыстанов сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жетекшілік жасайтын болады. Осыған дейін құрылыс және жобалау компанияларында түрлі лауазымда еңбек еткен.

IMG-20250408-WA0002
Аудан әкімі Марат Тоқжанов оларды ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына таныстырып, жаңа қызметтерімен құттықтады. «Бәйтерек – ірі аудан. Атқарылып жатқан, жоспарланған жұмыстар көп. Бұл істерде осынау қос бөлімнің де атқарар рөлі зор,-деді Марат Лұқпанұлы.- Мәселен, ішкі саясат бөлімі барлық саладағы жұмыстан тысқары қалмауы керек. Әсіресе ауылдық округтармен байланыс тығыз болуы тиіс. Ауданымызда құрылыс қарқынды жүруде. Сол себепті бұл салада да атқарылар іс аз емес. Олардың бәріне тиянақты қарау қажет. Әли Марленұлы мен Ғайса Бауыржанұлының еңбектеріне табыс тілеймін».

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале