17.09.2020, 8:59
Оқылды: 65

Бәйтеректе жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті

Бәйтерек ауданы орталығында «Арт-терапия арқылы мінез-құлық олқылықтарын түзету» тақырыбында семинар-тренинг өтті.  «Жас отбасы» жобасын іске асыру мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған кездесуге переметныйлық жастар мен жас отбасылар қатысты.

Baiterek trening (1)

Шара барысында қоғамдық бірлестік координаторы Гүлмира Төлегенова жиналғандарға отбасы құндылықтары жайында кеңінен әігімелеп, жанұялық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңу керектігін атап өтті.

Baiterek trening (2)

– Карантин кезінде өңірімізде ажырасу фактілері көбейгенін статистика растап отыр. Бұл, әрине, жақсы тенденция емес. Отбасын кеше ғана құрған жас жанұялар түсініспеушілік жоқтың кесірінен айырылып жатады. Біздің басты мақсатымыз – әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптастыруға атсалысу, – деді Гүлмира Тайманқызы.

Baiterek trening (3)

Кейін жиналғандарға бірлестік психологі Әдемі Аянғалиева арнайы тренинг өткізді. Отбасы мүшелерін бірлесе жұмыстануға және бір-біріне деген сенімін арттыруға бағытталған тренинг ешкімді бей-жай қалдырмады. Оған қатысқан әр жұп өздерінің екінші жартысын ерекше түсіне бастағанын айтып, тренингтегі әр тапсырманы қызыға орындады.

Baiterek trening (5)

– Семинар-тренинг «Арт-терапия арқылы мінез-құлық олқылықтарын түзету» деп аталады. Арт-терапия дегеніміз қазақшаға аударсақ өнермен емдеу дегенді білдіреді. Осы күні психологияның бұл әдісінің аясы кеңейді. Сурет салғыза отырып, жас отбасылардың бір-біріне деген сенімін арттырамыз, – дейді психолог Әдемі Дүйсенбайқызы.

Baiterek trening (6)

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале