7.07.2021, 18:06
Оқылды: 40

Бәйтеректе жоғалған адам табылды

Жуырда Бәйтерек аудандық полиция бөліміне Щапов ауылдық округінде тұратын 1980 жылы дүниеге келген Д. есімді азаматтың  жоғалғандығы туралы хабар түсті.
щапов (1)

Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органының қызметкерлері жүргізген тексерістер нәтижесінде ауыл тұрғыны шілде айының 4-і күні белгісіз жаққа шығып, хабарсыз кеткендігі анықталды.

Осы ретте полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен Щапов ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Намазов дереу арнайы іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Уақтылы және шұғыл жүргізілген жұмыс нәтижесінде жоғалған азамат ауыл шетіндегі қараусыз қалған ғимараттың бірінен табылып, туысқандарына аман-есен оралды.

Жоғалған азаматтың ағайыны атқарған жұмыстары үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале