27.08.2020, 17:37
Оқылды: 43

Бәйтеректе «Жолда қабылдау» акциясы өтті

26-27 тамыз күндері Бәйтерек аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді.

Jolda

Аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев, полиция бөлімі басшысының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Орынғалиұлы, жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция майоры Азамат Кенжеғалиұлының қатысуымен оздырылған акция барысында полицейлер тұрғындармен кездесіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Негізінен құқықтық тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке куәлік алу, тұрғылықты жерге тіркелу, аңшылық қару алу және оның мерзімін ұзарту, Армения мемлекетінде тіркеуде тұрған автокөліктерді елімізге қайта тіркеу мәселелерін қозғаған жергілікті тұрғындар білікті мамандардан нақты жауаптарын ала алды.

– «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастыру арқылы азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарына барынша жауап беруге тырыстық. Аудан тұрғындарын қабылдап ұсыныстары мен пікірлерін тыңдай алдық. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу және карантин кезіндегі жүріп-тұрудың шектелуіне қатысты болды. Барлық мәселе ескерілетін болады, – дейді полиция полковнигі Манарбек Нәжиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале