11.01.2021, 12:32
Оқылды: 28

Бәйтеректе жолдарға құм мен тұз араласқан арнайы қоспа себілді

Өткен сенбі күнгі боран мен сол түнде жауған қар аралас жаңбыр жол қозғалысына біраз кедергі келтіргені рас. Сайлау алдындағы табиғаттың тосын сыйынан жетер жеріне жете алмай, жолда қалған жолаушылар мен көктайғақ кесірінен қозғала алмай қалған жүк көліктерінің суреттері мен видеолары желіні шарлады.

жкх жол (6)

Арты жаңбырға ұласып, жолдарды хоккей алаңына айналдырған боран салдары Бәйтерек ауданын да айналып өтпеді. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тынбастан еңбек етті.

Бөлім бас маманы Данияр Кушубаевтың айтуынша, автомобиль жолдарын тазарту жұмыстарына "Асфа", "ЖарқынЖолҚұрылыс" ЖШС-не және "Коммунальник" КМҚК 20 техникасы жұмылдырылған. Қаңтардың 8-і мен 10-ы аралығында жол аршу жұмыстары күні-түні жүргізілді.

жкх жол (9)

- Бүгінде боран салдары толықтай жойылды. Ауданішілік барлық жолдар ашық. Көлік көп жүретін негізгі бағыттағы жолдарға құм мен тұз араласқан арнайы қоспа себіліп, көктайғақ ерітілді. Бұл қыстың басы ғана болғандықтан ауа райын бақылап, барлық округтерден ақпарат алып отырамыз. Демалыс күндері ауданға қарасты ауылдарға барар жолдар аршылды. Далада қалып, діттеген жеріне жете алмаған жолаушы болмады. Бұл істер әлі де жалғасады, - дейді Д.Кушубаев.

Айта кетейік, аудан аумағында 852.5 шақырым жол бар. Қазіргі таңда ауылішілік жолдар тазартылуда.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале