Жыл басынан бері БҚО-да 13 адам суға кетсе, соның 4-еуі Бәйтерек ауданының тұрғындары. Бұл жайында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Бекмұханов мәлімдеді.
-Жаз келіп, күн ысыған шақта көп азамат суға шомылып демалғанды ұнатады. Сергімек болған жандардың көбі қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарайды. Мас күйінде шомылатындар саны да азаймай тұр,- дейді Талғат Нәсіпұлы.
Күні бүгінге дейін төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бірнеше мәрте суға түсуге тыйым салынған орындарда рейд жүргізіп, жағажайдағы демалушыларға жадынамалар таратқан.
Осы ретте бөлім қызметкерлері барша азаматтарды сақтық шараларын мықтап сақтауға шақырады.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz