21.01.2021, 9:13
Оқылды: 60

Бәйтеректік Асхат – үздік педагог

Өткен жылдың қараша айында "Bilim-órkenıeti" ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы "Үздік педагог" жобасы аясында "Білім беру саласының көшбасшысы - 2020" атты республикалық онлайн байқауын ұйымдастырды.

140259398_1228147270934098_3640550020095336994_o

Байқауға еліміздегі ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, қосымша білім педагогтері қатысқан.

Байқау талабы бойынша әр ұстаз өзі туралы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» атты эссе жазуы тиіс болатын.

- Қосымша білім беру саласында бес жыл көлемінде қызмет атқарып келемін. Бұл салада мол тәжірибе жинап, шәкірт тәрбиелеп отырғандықтан байқауға қатысып, бақ сынап көрмекші болдым. Білім беру саласына қосқан үлесімді, өзімнің және шәкірттерімнің қол жеткізген жетістіктерін баяндап, эссе жазып, жолдаған болатынмын, - дейді Асхат Серікқалиұлы.

Байқау қорытындысында Асхат Бекешов II дәрежелі дипломмен марапатталып, «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы - 2020» төсбелгісінің иегері атанды. Ал эссесі білім беру саласындағы көшбасшы педагогтардың эсселер жинағына енген.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале