Қайырымдылық айлығы аясында Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі Озерный ауылдық клубының меңгерушісі Ағила Әжмұратова ауылда тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған үйлерге барып, балалардың жағдайларымен танысты.
Ерекше балаларға бар мейірімін төккен Ағила Талапқызы баянның сүйемелдеуімен ән шырқап, бүлдіршіндердің көңілдерін серпілтті. Балалардың ата-аналарына алғысын жеткізген өнерпаз Дариян ауылында тұратын жеке кәсіпкері Н.Панариннің жолдаған сыйлықтарын да табыс етті.
Әрдайым қолдан келер көмегін аямайтын кәсіпкерлерге ата-аналар да ризашылықтарын білдіруде.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz