ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 14 қыркүйек күні шығарған Жарлығы бойынша covid-19 инфекциясына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан бірқатар азамат «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.
Солардың ішінде Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері Родион Грецкий мен Жеңісгүл Алмазова және Дариян ауылындағы №2 аудандық аурухананың қабылдау бөлімінің мейіргер Асхат Тукбаев бар.
Күні кеше аты аталған үш бірдей мейірбан жан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қолынан өздеріне тиесілі наградаларын алды.
-Жаман ауру жағадан алған шақта ешкімге оңай соқпады. Әсіресе денсаулық сақтау саласының мамандары күн-түн демей еңбек етті. Қол астымда қызмет жасайтын үш бірдей қызметкер осындай медальге ие болғаны қуантады. Осынау аумалы-төкпелі заманда ел қамы үшін өз өмірін бәйгеге тігіп, өзгенің өмірін сақтау жолында аянбайтын жандарға алғысым шексіз,-дейді Бәйтерек аудандық №2 ауруханасының басшысы Ғабитжан Ислямов.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz