16.04.2020, 20:52
Оқылды: 12

Бәйтеректік эпидемиолог маман блокбекетте уақытпай санаспай еңбек етіп жүр

 Біздің облысымызда да коронавирус ауруын жұқтырғандардың саны өсіп келеді. Алдағы уақытта әлемдік пандемияның шарықтау шегі күтіліп отыр. Сол себепті санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ісіне мығым, білікті мамандардың бірі - Бәйтерек ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің жетекші маманы Олег Сакович.

D3B24F65-6D0B-40CC-AE4F-1B0D5856A0DC

Өз ісінің жетік маманы ретінде осынау сындарлы кезеңде уақытпен санаспай дамылсыз еңбек етуде.

Олег Валерьевич бүгінде блокбекеттереге арнайы тексеру жүргізіп, вирустың әрі қарай таралмауын қадағалап жүр.

E732B8E2-736F-4FC4-B901-784BBA224244

- Қазіргі таңда Тасқала ауданындағы санитарлық блок-бекетте жұмыс атқарудамыз. Қалаға кіріп-шығушыларды тоқтатып, жедел диагностика құралдарымен тексереміз. Олардың дене температурасын өлшеп, ауру белгілеріне бақылау жасаймыз. Жүк және жеңіл көліктер де сақтық шараларынан өтеді. Сауалнама толтырылып, қорытындысы негізінде қалаға кірушілердің карантинге немесе ауруханаға жіберілетіндігі шешіледі. Олардың барлығы короновирус инфекциясына байланысты арнайы тексеріліп, 14 күн көлемінде карантинге жабылады. Жұмыстың оңайы жоқ, әрине. Мынау қиын сәтте ел алдындағы азаматтық борыш пен үлкен жауапкершілікті сезініп, жұмыс жасап келемін. Қатерлі індетті тезірек жеңсек, отбасымыз бен күнделікті жұмысымызға оралар едік. Тек ел аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді қызметіне адал маман Олег Валерьевич.

 Аружан Болатбекқызы

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале