23.03.2021, 19:19
Оқылды: 61

Бәйтеректік Ерасыл екі дүркін ел чемпионы атанды

18-22 наурыз күндері аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

20210323_191522

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарынан келген 140 спортшы қатысты. Командалар «Орта», «Ұзақ», «Спринт» және «Жалпы старт» қашықтығы бойынша сынға түсті.

Аталмыш чемпионатқа облыс құрамасы сапында барған бәйтеректік қос спортшы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

20210323_191505

Осы кезге дейін біраз байрақты бәсекенің бас бәйгесін бермеген янайкиндік Ерасыл Серікұлы өзі жасар бағдарлаушылар арасындағы сынның орта қашықтығында үшінші орын иеленсе, ұзақ және жалпы старт сатыларында алдына жан салмай, екі мәрте ел чемпионы атанды.

20210323_191451

Бұдан бөлек, осы жарыста бақ сынаған переметныйлық Естай Кенгесбаев 20 жасар спортшылар арасындағы бәсекенің спринт қашықтығында қола медальге ие болды.

IMG_20210323_191427_815

Сондай-ақ қыздар арасында жарыс жолына шыққан Алина Лемешева мен Майя Умбеталиева да үздік өнер көрсетті.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

Сурет және ақпарат инстаграм желісіндегі @bqosport парақшасынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале