Әлемді әлекке салған індет беті қайтар емес. Ел ішіндегі жомарт жандар ауру жұқтырғандар мен оларды емдеуші дәрігерлерге көмек көрсетіп, қолдауларын білдіруде. Денсаулық сақтау ұйымдары вирусты жеңудің жалғыз жолы белгіленген сақтық шараларын сақтау екендігін айтуда.
Бәйтерек ауданына қарасты Январцев және Рубежка ауылдық округтерінің жастары мен волонтерлары әлі де қамсыз жүрген ауылдастарына вирустан сақтану керектігін айтып, үнпарақтар таратуда.
-Қазіргідей қиын-қыстау шақта сақтық шараларын мықтап қолға алуымыз керек. Аудан еріктілері мен жастары осы кезге дейін талай игілікті істің басы-қасында жүрді. Бірі гуманитарлық көмекті тасуға көмек етсе, енді бірі ауруханаларға қолғабыс етті. Бүгінде ел тұрғындарына сақтық шараларын сақтаудың қаншалық маңызды екенін түсіндіру керек. Осы істі де волонтерлар өз мойындарына алуда,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі Алма Төлепқалиева.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz