6.04.2020, 13:19
Оқылды: 77

Бәйтеректік кәсіпкер блокбекетте тегін түскі ас ұйымдастырды

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылының тұрғыны, «РенЭль» кафесінің иесі, жеке кәсіпкер Гүлнар Галиева «Біз біргеміз» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының аумағына коронавирустық жұқпаның келуі мен таралуының алдын алуға бағытталған Бәйтерек ауданы аумағында орналасқан 3 санитарлық блокбекетте белсенді түрде еңбек етіп жатқан 6 полиция қызметкеріне тегін түскі ас (ыстық тағам) ұйымдастырды.

1860B5FF-B069-4C5F-A9FC-4029CAF5E4B2

 Ел игілігі жолында уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ауылдастарының өлшеусіз еңбегіне жеке бастамасы арқылы азаматтық үлес қосқан Гүлнар Сатыбалдықызының ісі өзге кәсіпкерлерге үлгі бола білді.

- Сындарлы сағатта саналы түрде бастама көтеріп, ерікті белсенділердің қатарынан табыла білген Гүлнар ханым аудан аумағында орналасқан бекеттерге күнделікті түскі және кешкі асты ұйымдастыруға өтініш білдіріп отыр. Бұл бастаманы біз қабыл алдық. Ауылдағы өзге кәсіпкерлер де осындай ізгі қадам жолынан табылатындығына сенім мол, - дейді Переметный ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов.

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале