12.02.2020, 10:26
Оқылды: 26

Бәйтеректік кәсіпкер оқу орталығын ашты

Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев Трекин ауылында ашылған «Классики» оқу орталығында болып, кәсіпкер, қоғам белсендісі, аталмыш оқу орталығының меңгерушісі Гаухар Мырзағалиевамен кездесті.

 baiterek

Жаңадан ашылған орталықтың өзге орталықтардан айырмашылығы бұл жерде оқу-тәрбие процесі толығымен жаңа технология бойынша өтеді.

Орталықта көп балалы отбасы балаларын тегін оқытумен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да мүмкіндік қарастырылған. Әсіресе көз мүкісі бар балалар мен жастар орталыққа келіп, арнайы дыбыстық құрылғылар арқылы сабақ ала алады.

Бүгінде орталық бір ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Жаңа кәсіп иесіне Ерікқали Ғұмарұлы болашақта орталыққа қолдан келген көмегін көрсететіндігін айтып, қазақ тілі мен латын қарпіне бейімделген қазақ әліпбиін үйрететін курстар ашу қажеттілігін ескертті.

- Біздің орталық ел болашағы балаларымызды ғана емес, жастарды да қолдауға әзір. Болашақта түрлі компьютерлік бағдарламалардың қыр-сыры мен бизнес ашуға ниетті жандарға көмек көрсететін орталық ашып, кәсібімізді кеңейткіміз келеді, - дейді әзірге тек ағылшын тілін үйретуді қолға алған оқу орталығының меңгерушісі Гаухар Мырзағалиева.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале