2.06.2021, 9:47
Оқылды: 51

Бәйтеректік кәсіпкерлердің қолдауы көп

Бәйтеректік кәсіпкерлер аудандық «Ауыл тынысы» газетінен қолдан келетін көмегін аяп жатқан жоқ. Әсіресе қайырымдылыққа жаздырып, өздері қызмет ететін ауыл азаматтарына газет тарту ету ісі бір ізге қойылды.

 IMG-20210602-WA0019

Жуырда белгілі кәсіпкер Мүслім Айтжанов ауданның еңбек ардагерлеріне газет жаздырды. Қолында барымен бөлісіп, көмегін аямайтын кәсіп иесінің бұл ісі көпке үлгі.

- Газет оқырманымен құнды. Ал күн сайын елдегі жақсылықты жария етіп, жетістігімізді отыз рулы елге жеткізетін «Ауыл тынысы» газетінің орын бөлек. Сондықтан да халық жаңалықтан хабардар болып отырсын деген ниетпен ардагерлерді газетке жаздырдым, - дейді кәсіпкер Мүслім Айтжанов.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале