Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов Переметный ауылында тұратын екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Макар Дорошенконың отбасына барып, ақсақалды Жаңа жыл мерекесімен және келіп жеткен 99 жасымен құттықтады.
- Еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктерінің артында майдангерлердің ерлігі тұр. Ел болашағы үшін толарсақтан саз кешкен, майданда қан төгіп, бейбіт күнге жеткізген аға ұпақтың ерлік ісіне қашан да бас иеміз. Келіп жеткен жыл отбасыңызға береке, деніңізге саулық әкелсін, - деді соғыс ардагеріне облыс әкімінің құттықтауын жеткізген М.Тоқжанов.
Өз кезегінде Макар ақсақал мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой, табыс тіледі.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz