10.12.2021, 14:30
Оқылды: 50

Бәйтеректік меценат «Құрмет» орденін иеленді

Бәйтерек ауданы ғана емес, барша өңір жұртына жақсы таныс кәсіпкер, меценат Абай Жанғалиев ауданның өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал еткені, инвестиция тартқаны үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, заманауи, озық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізгені үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.

IMG-20211210-WA0046

Бар өмірін ауыл шаруашылығына арнаған кәсіпкерге орденді облыс орталығында өткен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин табыс етті.

Абай Жанғалиев Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Чинарев ауылында туып-өскен. 1975-1977 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын өтеп келген соң Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын механизациялау» факультетіне оқуға түседі. Кейін туған ауылына оралып, Приурал ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас инспекторы, Январцев ауылындағы «Вперед к коммунизму» атындағы колхоздың бас инженері қызметтерін атқарған.

IMG-20211210-WA0047

Тәуелсіздігімізді енді алған қиын-қыстау жылдары шаруашылықтан қол үзбеген Абай Қуанышкерейұлы «Мирное» КСПХ басшысы қызметінде болған. 1999 жылы «Заман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, оны осы кезге дейін басқарып келеді.

Осы күні артынан ерген ұлдары шаруаға араласып, әке жолын жалғауда.

IMG-20211210-WA0048

Туған ауылын түлетіп, қамбаны астыққа толтырған шаруа ауылдастарынан көмегін де аямайды. Ауылішілік жолды салуға, округ орталығына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін тұрғызуға ниетті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале