Тазалық айлығы басталғалы түрлі мекемелер мен ұйым қызметкерлері өздері жұмыс жасайтын жердің маңайын тазалап, сенбіліктер ұйымдастыруда. Осындай игі істен шет қалмаған Бәйтерек аудандық "ШЫҢ" музыкалық-драма театрының ұжымы театр айналасын қоқыстан тазартты.
Театр директоры Әліби Жанабілов бастама көтерген кезде оны өнер ұжымы толықтай қолдапты. Бір күнін тазалыққа арнаған театр қызметкерлері өздері жұмыс жасайтын аумақты қалдықтардан тазартып, оның көлікке тиеп, арнайы қоқыс төгетін орынға төкті.
Жас актерлардың ісі басқаларға үлгі етуге лайық.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz