5.08.2020, 17:05
Оқылды: 43

Бәйтеректік отбасыға еріктілер қолдау көрсетпек

29 маусымда шамамен сағат 10.30-да  БҚО, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылдық округі, Калинин ауылы, Есенин көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйдің төбесінен 100 шаршы метр өрт шыққан болатын.

94AEACDF-E7AC-4FC1-A207-2B633A5FC0A9

Өртті жоюға БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №24 өрт сөндіру бекетінің кезекші қарауылы жеке құрамнан 5 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен жағдайларын, кінәлі тұлғаларды және материалдық шығын сомасын жан-жақты, толық және объективті зерттеу мақсатында материал Бәйтерек ауданының полиция бөліміне жіберілді, - дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Қайрат Жұмағалиев.

99E8E014-36F3-443F-840D-D9E5D4BA6D6E

Осындай жағдайға тап болған көпбалалы Еркін Бисимбаевтың отбасының тұрмысымен танысқан Орал қаласындағы Талғат Шудабаев бастаған жастар еріктілері бөлек шот ашып, әлеуметтк желі арқылы қаражат жинастыруға үндеу жариялайды.

A9CBD537-3D60-4EE3-9E4B-AA878D421CA4

- Біз Переметный ауылында болып, отбасы жағдайымен таныстық. Басында жақын маңнан пәтер жалдап тұруға 70 мың теңге қаражат бердік. Одан соң 5 тонна цемент, 3 «Камаз» көлігімен гравий түсірілді. Жуық арада 2000 тас апарып бермекпіз.

Бізден басқа да жомарт жандар аталмыш отбасыға көмек қолын созуда. Жақында бейтаныс жандар есік-терезе апарып беріпті, - дейді ерікті Талғат Шудабаев.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале