7.04.2020, 18:07
Оқылды: 39

Бәйтеректік полиция инспекторлары адасқан баланы ата-анасымен қауыштырды

6 сәуірде сағат шамамен 23:00-де «Бәйтерек» аудандық полиция учаскесінің №2 блогына «Жайықмұнай» қоғамдық ұйымының қызметкерлері Н. есімді кәмелетке толмаған баланың аумақтарына енгенін хабарлады.  

AA9C4FE3-77AB-4529-B3D4-32EFC1A66C60

 Осыдан кейін Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына барып, әңгіме барысында 2004 жылы дүниеге келген Н-нің БҚО, Орал қаласындағы орта мектептің оқушысы екенін анықтады. Ол Орал қаласында тұратынын, үйінен кетіп қалғанын түсіндірді, бірақ не себепті екенін айтпаған.

Сонымен қатар полиция бөлімшесінің қызметкері, подполковник А.Наурзов жағдайдың қайталанбауы мақсатында алдын алу туралы әңгіме жүргізді.  

Одан кейін полиция қызметкерлері анасының ұялы телефонына хабарласып, кәмелетке толмаған жеткіншекті Орал қаласының №5 блокбекетіне жеткізіп, ата-анасына тапсырды.

Баланың ата-анасы полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.  

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале