25.07.2021, 9:40
Оқылды: 22

Бәйтеректік сайлаушылар өз таңдауын жасауда

Бәйтерек ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы басталды. Алғаш рет өтіп жатқан саяси науқанда Зеленый, Чиров, Январцев ауылдарының халқы өз таңдауын жасауда.

3F2A0F00-117E-4D30-9DC3-0A50A783EC1A

Таңғы жетіде басталған науқан қыза түсті. Аудандық аумақтық сайлау комиссияның берген мәліметі бойынша, аталған үш округте барлығы 2890 сайлаушы бар екен. Олардың 974-і Зеленыйда болса, 305-і Чировта, 1611 сайлаушы Январцев ауылында көрінеді.

79D6A495-EA9E-4547-B5ED-B491087B368D

-Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр. Барлық учаскелерде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Қазірге келіп түскен мәлімет бойынша барлық сайлаушылардың 11,2 пайызы дауыс беріп үлгерді,- дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бекет Нигметов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале