29.07.2020, 14:51
Оқылды: 19

Бәйтеректік тұрғын кеңестік дәуірдегі тиындарды сақтап отыр

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлжазира Қабдиева Кеңестер одағы кезіндегі айналымда болған тиындарды күні бүгінге дейін сақтап келген көрінеді.

6C525076-599D-4174-A684-3DFFFDC42486

Кеңестік кезеңде жиналып қалған тиындар жарты литр банкаға салынып сақталынған. Тиындар ішінде 1, 2, 3, 10, 15, 5, 50, 20 тиындар кездеседі.

Биыл ғана ауданға қарасты Красноармейск ауылынан орталыққа қоныс аударған Гүлжазира Қабдиева мемлекет, облыс, аудан басшылығының қолдауымен берілген екіқабатты үйлердің бірінде тұрып жатыр.

- Жас кезімнен түрлі тиынсалғыштарға тиын жинайтын әдетім бар еді. Тиынсалғыш әбден толған сәтте ашып, қажетті нәрсемізді алатынбыз. Неге екенін қайдам, мына бір кеңестік кезде шыққан тиындар әртүрлі себептерге байланысты отбасымызда сақталып қалыпты. Тарихты ұмытуға болмайды, дегенмен бұл тиындар қолданыстан кеткелі қашан? Маңызы да жойылды. Ендігі кезекте жиналып қалған тиындарды тиісті орындарға тапсырғым келеді, - дейді көпбалалы ана Гүлжазира Қабдиева.

Бәйтеректік тұрғғын өз кезегінде көпбалалы ана ретінде мемлекет, жергілікті басшылық тарапынан жасалып отырған қолдауға алғысын жеткізуді ұмытпады. Оның дәлелі, жоғарыда айтып өткеніміздей, жаңа баспанаға ие болуында болып отыр.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале