25.11.2020, 11:42
Оқылды: 19

Бәйтеректік тұрғын көлігінен айырылып қала жаздады

Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылының 1975 жылы туған С. есімді тұрғыны ауыл маңындағы Шаған өзенінің жағасына барып, мұз қалыңдығын тексермек болған.

көлік

«Ауди» маркалы көлігін өзен жағасына қалдырып, мұз қалыңдығын тексеріп жүргенде автомобиль өздігінен өзенге қарай қозғалып кетіп, мұзды жарып, жартылай суға батып барып тоқтайды.

Көлікті шығара алмайтынын білген С. ауылдастарына қоңырау шалып, жергілікті тұрғындар мұзды жарып, көлікті өзеннен шығарған.

Оқиғаның қалай болғанын тексерген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант С.Машанов көлік иесімен түсінік жұмыстарын жүргізіп, оның ешкімді кінәламайтынын және оқиға аяқ асты болғанын анықтапты.

Мәлімет аудандық полиция бөлімінен алынды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале