5.01.2021, 11:20
Оқылды: 16

Бәйтеректік үміткерлер шаңғымен серуендеп, елді сайлауға қатысуға шақырды

Бәйтерек ауданынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын ерекше ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқараны спортпен айналысуға шақыруды мақсат еткен Ұлданай Сейітқалиева, Дархан Қажмұратов, Ерназар Амангелдіұлы және Нұрсәуле Есенәлиева сияқты жас үміткерлер Щапов ауылынан Өркен ауылына дейін шаңғымен серуендеп, елді сайлауға қатысуға шақырды.

9daf44e6-0109-4fcf-9721-aeaed314e1fe

Үміткерлерді жылы қарсы алған өркендік ағайын күн санап еліміздің дамып келе жатқандығын айтып, ауылға келер жолдың сапасы сын көтермейтіндігін, жастардың бос уақытын өткізетін орын жоқтығын тілге тиек етті.

«Nur Otan» партиясы қашан да азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды алдыңғы орынға қоятынын ауыл тұрғындарына жеткізген үміткерлер елді мекендердің инфрақұрылымдық-коммуникациялық желілерін қамтамасыз етуді қолдайтындығын, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» жобаларын іске асыруға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты.

1dfa8ee3-b7da-42ea-8906-f1d5867467c4 (1)

Сонымен қатар ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында аудандағы Болашақ және басқа да ауылдарға қосымша құрылғылар орнату мәселелері де назарда тыс қалмайтынын үміткерлер қаперледі.

- Шаңғымен ауыл аралап, елдің жағдайымен таныстық. Ауыл азаматтарын толғандыратын мәселелерге қанықтық. Мұндай шараларды жиі өткізетін боламыз, - дейді акцияға қатысушы Ұлданай Сейітқалиева.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале