Халықаралық туризм күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Европа-Азия» туристік фестивалі өтті.
Білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметін насихаттау және тәжірибе жинақтау мақсатында өткен фестивальға колледж, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтерінен құралған командалар қатысты. Облысымыздың барлық аудандарының турист ұстаздары бақ сынасатын дәстүрлі сайыста Бәйтерек аудандық жас туристер станциясының қызметкерлері жүлделі орындардан көрініп, жалпыкомандалық есеппен II орынға ие болды.
– «Европа-Азия» фестивалінің негізгі шарты біркүндік жорықтың орындалуын көрсету болды. Фестиваль карантинге байланысты қашықтан өткендіктен, педагогтер берілген тапсырманы орындап, видеоға түсіріп, монтаждап жіберді. Осылайша берілген алты номинацияның барлығынан жүлделі орындарды бермеген аудан командасы жоғары нәтиже көрсетті, – дейді команда жетекшісі Дмитрий Мухин.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары және алғысхаттарымен марапатталды.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер