Өңірімізге келген исламтанушы, Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы ауданымызда да болды. Ол Переметныйдағы «Жұбан молда» мешітінде бәйтеректік жамағатпен жүздесті.
Алдымен мешітіміздің имамы Мақсат Рысқалиев алыстан ат терлетіп жеткен әріптесін халықпен таныстырды. Түркістан облысының тумасы Нұралы Бақытұлы Мысыр мемлекетіндегі «Аль-Азхар» институтын «Исламтанушы» мамандығы бойынша бітірген. Он жылға жуық уақыттан бері «Һибатулла Тарази» медресесінде еңбек етіп келеді. Бастапқы кезде ұстаз болса, бүгінде директордың орынбасары лауазымында.
Бәйтеректік жамағатқа Нұралы Бақытұлы отбасылық құндылықты дәріптеу, жанұядағы әке тәрбиесі, қоғамдағы әке рөлі секілді уағыздар айтты.
Тұрсын Тек,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz