Переметный ауылындағы «Бәйтерек» мәдени-ағарту және тынығу орталығында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Ел жадынан өшпейді - Жұбан ақын» атты әдеби-интелектуалды сайыс өтті.
Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық кітапхана бірлесе ұйымдастырған сайысқа аудан жастары мен студенттері қатысты.
Сайыс барысында жастар бірнеше топқа бөлініп, Жұбан ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Қызықты өткен шара жастарға ақын өмірі мен шығармашылғы жайында тың деректер ұсынып, білімдерін толықтырды.
Жарыс соңында қатысушылар орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Ж.Жанабаеваның алғысхатымен марапатталды.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz