9.11.2020, 10:29
Оқылды: 20

Бәйтеректік Жібек жеңімпаз атанды

Жуырды облыс орталығында оздырылған "Мен де жұлдыз боламын" атты республикалық балалар байқауында бақ сынаған бәйтеректік Жібек Әбекеш үздік әншілер қатарынан көрінді.

 Жібек2

Карантин шектеулеріне байланысты онлайн кастингке қатысқан 9 жасар Жібек бірінші кезеңде Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің "Сарыжайлау" әнін орындап, байқаудың финалдық кезеңіне жолдама иеленді.

Бірінші кезеңнен соң әділ қазылар мен көрерменнің оң бағасына ие болған ол байқау финалында казталовтық Арайлым Нұрболатпен жұп құрып, «Асыл әжем» әнін орындады. Көп әншінің батылы бара бермейтін әнге ауыз салған қос бүлдіршін көпшілікті таңғалдырды. Осылайша бірінші орын иеленіп, Түркия еліне жолдама жеңіп алды.

Жібек

Дариян ауылдық клубында Бауыржан Бекентаев атты әншіден тәлім алатын Жібектің болашағы зор. Осындай әнші тауып, оны сахнаға алып шыққан ұстаз Б.Бекентаев та үздік шәкірт тәрбиелегені үшін марапатталды.

 

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале