Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімдігі ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Ауыл әкімдігінің қолдауымен іске асқан игі іске ауыл азаматтары мен еріктілер және мемлекеттік қызметшілер атсалысты.
Акция аясында округке қарасты қарасты Асан ауылында 90 түп ағаш отырғызылды. Оның 10-ы балқарағай, 30-ы шырша болса, 50 шақтысы ауыспалы терек.
-Әкімшілік ауыл ішін абаттандыру ісіне үлкен көңіл бөліп келеді. Ағаш өсінділерін Ақжайық ауданының орман шаруашылығынан алдық. Бастамамызға қолдау білдіргендер көп болды. Алағы уақытта осындай игі істерді әлі де жалғастырамыз. Барлық ағаш уақтылы күтілетін болады,- дейді округ әкімі Максим Мусалимов.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz