2.04.2021, 16:21
Оқылды: 59

Бәйтеректіктер су тасқынының алдын алуда

Бәйтерек ауданының мемлекеттік басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері мен авариялық-құтқару құрылымдарын 2021 жылғы су тасқыны қаупі кезеңіне дайындау мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені негізінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл туралы «Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфир барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бахтияр Исраилов мәлімдеді.

 су

Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жайында сөз қозғаған Б.Исраилов қазіргі уақытта ауданның су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 50 см-ден 70 см-ге дейін екендігін айтып, күн сайын ауа температурасы +1-ден +7 градусқа көтерліп жатқандығын айтып, көпшілікті мұз үстіне шықпауға шақырды.

- Биыл 5 ақпан күні төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы штаб құрылды. Аудандық әкімдікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда. Су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында ауданда «Су тасқыны – 2021» айлығын өткізілуде. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға ауданның азаматтық қорғау құрылымдары мен шұғыл ден қою жасағының дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Көктем" РКШО өткізілді. Су тасқыны кезеңіне аудан әкімдігі қор құрды. Бүгінде арнайы қорда 6000 қап, 5000 литр жанар-жағармай, 5000 литр дизель отыны, 33 мотопомпа, 7 жүзу құралы, 70 электр генераторы, 9 жылыту зеңбіректері бар. Бұдан басқа, ауылдық округтердің бюджетінен 1300 қап, 320 тонна құм сатып алу жоспарлануда, - деді өз сөзінде Б.Исраилов.

Ауданның бас құтқарушысының сөзінше, әр ауылдық округте су тасқынына қарсы топтар құрылып, жауапты тұлғалар тағайындалған. Күштер мен құралдардың құрамында 28 ассенизатор, 36 инженерлік, 47 эвакуациялық техника, 31 қосалқы техник, 233 қызметкер бекітілпті.

Ауданда аумағындағы жергілікті маңызы бар жолдарда 100 су өткізу құбыры бар екенін де атап өткен Б.Исраилов Переметный ауылында 1600, Щапов ауылында 290, Дариянда 800, Асан ауылында 1300 және Красновск ауылында 200 метр болатын арықтар мен каналдарды округ әкімі аппараттарының қызметкерлері қар мен қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын да жеткізді.

«Көктем - 2021» РКШО дайындық шеңберінде басшылық құжаттар мен дайындық іс-шаралары дайындалды. Төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерді қорғау жөніндегі іс-шараларды басқару және өткізудегі басшы құрамның практикалық дағдыларын жетілдіру және тұжырымдау, құралымдарының су тасқыны қаупі бар кезеңдегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігін тексеру мақсатында Мичурин ауылдық округінің Асан ауылында және Зеленый ауылында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілген.

- БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдаланушыларды реттеу басқармасының су ресурстары бөлімі басшысының төрағалығымен "Қазсушар" МТБ БҚФ бас гидротехнигінің қатысуымен ауданның гидротехникалық құрылыстарына тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде аудан аумағындағы гидротехникалық құрылыстарға қанағаттанарлық деген баға берілді, - деді Б.Исраилов.

Эфир соңында аудан аумағында қар шығару жұмыстары жалғасып жатқандығын айтқан төтеше жағдарлар бөлімінің бастығы жалпы су тасқыны аудан әкімдігі мен ТЖ бөлімі басшылығының ерекше бақылауында екендігін жеткізді.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале