Оралда тоғызқұмалақтан өткен облыстық жекелей чемпионаттан бәйтеректіктер жүлделі оралды.
Жарысқа алты аудан мен облыс орталығынан 50-ге жуық спортшы қатысып, ауданның намысын қорғаған төрт тоғызқұмалақшының үшеуі жүлдегер атанды.
Қыздар арасындағы сайыста 2012 жылы туған Махаббат Көпжасар тыңғылықты дайындықпен келгенін көрсетті. Ал ерлер арасында классика түрінен Бектас Кенжеғалиев күміс, Алпамыс Оразмұханбет қола медаль иеленді.
Рапид түрінен Думан Шанов үздік үштіктің қатарында болды.
Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы