25.04.2022, 17:30
Оқылды: 45

Бәйтеректіктердің 83,7%-ы таза сумен қамтылған

2020 жылы Бәйтерек ауданында газдандырылған елді мекендер 51-ге жетіп, халықтың 97,1 % құрады. Былтыр Поливное, Мирный ауылдарына, биылғы жыл басында Павлов, Горбунов, Ақсу, Кирсанов, Кіші Шаған, Ақбидай ауылдарына газ қосылды. Алмалы ауылын газбен қамту жұмысы биыл басталады. Соның нәтижесінде тұрғындардың газбен қамтылуы 99,5%-ға жетеді.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 17.02.07

Бұл туралы облыс әкімінің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан әкімі Марат Тоқжанов мәлімдеді. Әкім сумен жабдықтау жайына да тоқталып өтті. Аудандағы 68 елді мекеннің 36 ауылы (тұрғын саны 50907 адам) ауыз сумен қамтамасыз етілген. Халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі - 83,7%.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 17.01.51

-2021 жылы Янайкин ауылындағы су құбырының құрылысы аяқталды. Январцев, Рубежин, Дариян ауылдарында су құбырының құрылысы биыл аяқталады. Биыл Махамбет, Жаңатаң, Өркен, Зеленый ауылдарына ауыз су құбырын тарту жұмысы басталады, - деді Марат Лұқпанұлы.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале