2.09.2020, 9:52
Оқылды: 106

   Бәйтеректің әкімі жөнделген мектептердің жайымен танысты

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Зеленый, Батурин мектептерін аралап, оқу үрдісінің ұйымдастырылуын бағамдады. 

Baiterek (5)            

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы жөнделген Зеленый мектебінің күрделі жөндеуден бөлек кіреберіс қасбеті ауыстырылып, ғимаратқа жапсарлас әжетхана салынған. Мектеп асханасы талапқа сай қайта жасақталған. Спорт алаңқайлары қалпына келтіріліп, мектеп төңірегі абаттандырылуда.

Baiterek (7)

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен күрделі жөнделген Батурин мектебінде де құдық соғылып, жаңа кәріз жүйесі жасақталып, ғимарат ішінен әжетхана салынған.

Baiterek (8)

Аталмыш мектептер жаңа оқу жылының алғашқы күнінде оқушыларын  штаттық режимде қабылдап, оқыту үрдісін бастап кетті.

Baiterek (9)

Baiterek (11)

Baiterek (2)

Нұржан Дүзбатыр,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале