18.03.2024, 16:01
Оқылды: 110

Бақ-берекем, құт мереке - Әз-Наурыз!

Бүгін аудан орталығындағы «Достық» саябағында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» онкүндігінің аясында «Бақ-берекем, құт мереке-әз Наурыз!» атты Казталов балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті.
WhatsApp Image 2024-03-18 at 16.52.58 (2)
Салтанатты шарада сөз алған Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов: - Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атауы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні – жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын! Бүгінгі күні ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз ұмытылмай, керісінше қайта жаңғырып, жанданып келеді. Ұлтымыздың ұлылығын паш етер – Наурыз мерекесі құтты болсын! Елімізге, әрбір отбасына ырыс пен молшылық әкелсін, - деген жүрекжарды тілегін жолдады.
Іс-шараның шымылдығын саз мектебінің ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазының «Адай» күйімен ашса, әрі қарай Гаухар Мерғалиеваның орындауындағы «Секіртпе» халық әнімен жалғасын тапты.
WhatsApp Image 2024-03-18 at 16.52.58 (1)
Халқымызда ата-бабаларымыздан қалған, қазіргі күнде де кәдемізге жаратайтын мұра жетерлік. Соның бірі қазақты өзге халықтардан ерекшелеп, ажыратып тұратын ұлттық киім. Қазақтың ұлттық киімдері ажарыңызды айқындап, әдемілігіңізді көрсетіп тұрады. Ұлттық киімнің өзіндік мәні, мағынасы бар.
Аудандық саз мектебінің ұжымы Ұлттық құндылыққа толы қазақ әжелерінің кимешегін насихаттап, жиналған көпшілік алдында көрсетті. Кимешек киген әжелерімізді қазақ қоғамы аса қадірлі және құрметті санаған. Көйлектері жас келіншектердің киімдерімен салыстырғанда бос, кең етекті болған. Камзолдары қымбат, сапалы матадан тігіледі. Әжелер аяқтарына кестеленген мәсі киген.
Қазақ халықының ұмытылып бара жатырған дәстүрлерінің бірі – қамшы ілу. Осы бір ұмытылған дәстүрді сахналаған өнер ұжымы көпшіліктің ыстық ықыласына кенелді. Қамшы ілу дәстүрі – құдалық, құда түсу жолында жасалатын қазақи ұғымды білдіретін жоралғылардың бірі. Ұлына қалыңдық іздеген кісі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын байыппен баяндайды. Үйленгелі жүрген жігіттің әкесі дәстүрге сай қамшыны қызы бар үйдің есік жақтауына іліп кетеді. Міне осыдан-ақ қызы бар үй жақсы хабарды қамшы арқылы біліп отырған.
WhatsApp Image 2024-03-18 at 16.52.58
Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Қазақ халқы бұл күні бірнеше ұлттық ойындарды ойнаған. Соның бірі ежелден келе жатқан қыздар арасындағы бес асық ойыны. Ойын кезегі сақаларды иіру арқылы анықталады. Сақасы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Ойыншы жерден асықтарды алғанда, қолы басқа асықтарға тимеу керек. Егер ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
Шара одан әрі халық әндерімен жалғасын тауып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жер әлемді қуанышқа кенелтер ұлы мейрам баршамызға құт береке әкелсін!
#nauryznamabqo
Гүлнұр БӨЛЕШОВА,
Казталов ауданы, 

zhaikpress.kz

Отправлено из мобильной Почты Mail.ru

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале