Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен халықаралық музыка фестивалінде Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК вокал үйірмесінің дарынды оқушысы ән байқауынан бас жүлдені жеңіп алды.
- Бұл жетістік – Айзеренің қажырлы еңбегі мен талантынан бөлек, оның дарынын таныған және кәсіби шеберлікпен ұстаздық еткен әріптесіміз Қанатқали Алтынбек Қайратұлының еңбегінің нәтижесі. - дейді білім беру бөлімінің ұжымы.
Алтынбек Қанатқалидың айтуынша, Айзере сайыста Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы “Самалтау” әнін шырқаған. Сөйтіп Айзере жоғары сапалы вокалімен Бакуды бір бағындырса, қазақ әнін шырқап ел мерейін тағы бір мәрте көтерді.
Б. Шерім,
Сырым ауданы