Газ келіп, су тартылып, жол мәселесі шешімін тапса, тұрғындар ауылға тұрақтайтыны анық. Халықтың тұрмыс сапасы жақсарған жерде кәсіпкерлік те өрістеп, жаңа жұмыс орындары ашылып, жас мамандар да ауылға ат басын бұрары белгілі. Теректі ауданындағы Богданов пен Приречный ауылдары таяуда осындай игілікке кенеліп, тұрғындар болашаққа үміттерін үкілеп отыр.
Мамыражай тірлікті аңсаған ауыл
Қарашығанақ кенішіне де, аудан орталығына да жақын орналасқан бұл ауылдардың тұрғындары кө-гілдір отынның қызығын ертерек көреміз деп ойлаған. Алайда адам-ның ойлағаны бола бере ме?!
– Алпыс жылдан бері осы Бог-дановта тұрып келе жатырмын. Кеңес заманында бұл жерде «Родина» ұжымшары болды. Ол кезде ауылда 300-ге тарта үй, 1 мыңнан астам тұрғын есепте тұрды. Қазір олар екі есе азайды. Үлкен мектеп қаңырап бос қалды деуге негіз бар. Көп жыл бойы газ бен судың болмауы, ауылға қатынай-тын жолдың жөнделмеуі себепті тұрғындардың көпшілігі Оралға, Ақсайға, Федоровқа және басқа да жерлерге қоныс аударды. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кенжелеп қалған ауылмен жастар болашағын байланыстыр-ғысы келген жоқ. Мұның бәрі мектептегі бала санының азаюына әкеліп соқты. Сөздің шыны керек, қазір негізгі мектеп деген мәртебесін әзер ұстап тұр. Егер биыл газ келмегенде алдағы жылдары бастауыш мектепке айнала-рына шүбә жоқ. Екі-үш жыл турасында аудан орталығына қарай қатынайтын негізігі жолымыз күрделі жөндеуен өтті. Артынан су мен газ келді, енді ауылымызға жан бітеді ғой деп қуанудамыз. Ауылымыздың орналасқан жері жақсы. Аудан орталығынан 20 шақырым. Топырағы құнарлы, айнала жасыл-желек. Шаруашылық жүргізуге таптырмайтын жер. Енді тұрмыс сапасы дұрысталып, жастар келіп, бала-шаға көбейіп, ауылымыз бұрынғыдай мамыражай тірлік кешеді деп үміттеніп отырмыз, – дейді ауыл ақсақалы Зайнолла Мұқатаев.
2012 жылдан бастап былтырға дейін осы ауылда әкім болған, бүгінде Федоров ауылдық округіне жетекшілік етіп отырған Әсет Әубәкіровтің айтуынша, Богданов-қа газ тарту жөніндегі әңгіме 2009 жылдардан басталған. «Бұл ауылда әкім болған жылдары ішіндегі негізгі мәселе осы болатын. Есеп беру жиындарында, аудан, облыс басшылары, министрлік өкілдері, Парламент депутаттары келген кезде газ тарту жайы міндетті түрде көтерілетін. Айта кету керек, газ тарту ол оңай шаруа емес. Оған қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Сол себепті бұл мәселені шешуге аудан, облыс басшыларының құзыреті жете бермейтінін де ескеру қажет. Нәтижесінде жобалық-сметалық құжаттамаларды жасау 2017 жылы басталды ғой. Сөйтіп, Богдановқа газ келді», – дейді Әсет Сәбитұлы.
Ауылға жеткізілген газдың қысымы төмен болуына байланыс-ты үйлерге ғана көгілдір отын қосылуда. Ал келер жылы орта қысымды газ келіп, ауылдардағы әлеуметтік нысандар жылытыл-мақшы. Богданов ауылдық оругін-дегі төрт елді мекеннің биыл екеуіне құбыр тартылды. Яғни округ-тегі 229 үйдің қырық пайыздайы от жағып, күл шығару мехнатынан құтылмақшы. Нақтылап айтқанда, мердігер компания округ орталығындағы 144 тұрғын үйдің 90-ымен келісімшартқа отырған. 3 желтоқсандағы мәліметке қарағанда 21 үйге газ қосылған. Қалғанына жыл соңына дейін көгілдір отын беріледі. Округке қарасты Алғабас елді мекеніндегі 58 тұрғын үйдің 16-сымен келісімшарт жасаған. Ал келер жылы Придо-рожный мен Сәрсенов елді мекендерінің тұрғындары осындай қуанышқа кенелмекші.
– Газ құбыры тартыла бастаған шақта көшіп кеткен тұрғындар-мен хабарласып, ауылға шақыра бастадым. Әзірге 14 адамнан тұратын төрт отбасы, бұйыртса, келер жылы туған жеріне келуге дайын отыр. Алдағы екі-үш жылда он отбасы келеді деп болжаудамыз. Тұрғандардың көшуі салда-рынан мектеп жасындағы бала саны азайып, 2011 жылы орта мектеп негізгіге айналды. Ауылда газ, су, жол мәселелері шешілуде, келер жылдан бастап, бұйыртса, Федоров – Приречный – Проли-тарка – Ақсай жолы күрделі жөн-деуден өтеді. Бұл аудан орталы-ғын айналып жүрмей-ақ Ақсайға тіке баруға, әрі жолды уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Орал, Федоров жақтан баратын көлік-терге де бұл жол уақыт пен жанармайды үнемдеуге негіз болмақ. Кәсіпкерлер инвестиция салып, ауылдың экономикалық әлеуетін арттырмақшы. Мұның бәрі ауыл халқы санының өсуіне әсер етері сөзсіз. Болашақта білім ұясы орта мектеп мәртебесін аларына да сенім мол, – дейді Богданов ауылдық оругінің әкімі Асқар Нұрғалиев.
Мемлекеттік бағдарламалардың игілігі көп
Приречный ауылына газбен бірге «Ақбұлақ» бағыты аясында су келді. Ауылдағы 210 үйдің 95 пайызы суға қосылса, 45 үйге көгілдір отын кіргізілді. Газ бен судың келуі ауылдағы үйлердің жаңарып, жаңғыруына да әсерін тигізуде.
– Газбен, сумен бірге ауылымызға игілік келді десе де болады. Таяуда ғана шинамонтаждау цехы ашылса, келер жылы аутокөлік жөндеу орталығы, 2 мың басқа арналған құс фабрикасы, шағын наубайхана, тойхана салынбақшы. Биыл Үкімет тарапынан шаруашы-лықтарда еңбек ететін малшылар мен механизаторларды қолдауға арналған жаңа бағдарлама жасақталды. Яғни аталмыш кәсіп иеле-ріне арнап шаруашылық өз есе-бінен үй салуы керек. Ол үйдің құны 10 млн. теңгеден және аумағы 100 шаршы метрден аспауы тиіс. Бұл үй барлық талапқа сай болса, кеткен шығынның елу пайызын мемлекет өтейді. Егер малшы не механизатор сол шаруашылықта жүйелі еңбек етіп, осы үйде тұрса, бес жылдан соң тұрғынжай оның атағына аударылады. Ауылымыздағы фермерлер осындай 14 үйге тапсырыс берді. Үйлердің құрылысы да алдағы жылы басталмақшы. Мал санының өсуіне байланысты ауылымызда ветеринарлық кешен салу да жоспарда бар, – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Жақсыбеков.
Өткен апта соңында қос ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов арнайы барды. «Елді мекендерді газдандыру» бағдарламасы аясында келген көгіл-дір отынның алауын жақты. Аудан басшысының сөзіне қарағанда 2018-2020 жылдар аралығын-да инфрақұрылымды дамыту ба-ғытында Теректіде біраз жобалар жүзеге асқан. Донецк, Богданов, Придорожный, Приречный, Алға-бас, Сәрсенов, Шөптікөл, Долин, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарын газ құбырын тартуға 997,2 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда аудандағы 33 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Елді мекендер санына шаққанда бұл 63%-ды құраса, тұрғындар саны бойынша 89,2% шамасында. Биыл аудандағы он елді мекен газдың қызығын көреді деп жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттар мемлекет-тік сараптамадан ойдағыдай өтсе, тағы да 43 елді мекен газданды-рылмақшы. Сонда 37 500 адам немесе тұрғындардың 98 пайызы отын іздеу машақатынан құтыла-ды. Ал таза ауыз сумен қамту жұмыстарының пайыздық көрсеткіші төмендеу. Яғни аудандағы 52 елді мекеннің 21-і, яғни 40%-ына орталықтандырылған су қолжетімді. Аудан тұрғындарының 61%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Богданов және Приречный ауылдарының сумен қамту жүйелерін жаңғырту үшін 384,5 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар толық аяқталды.
– ҚР Президенті биылғы Жолдауы арқылы ауыл әлеуетін толық пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, бұл салаға инвес-тиция тарту бағытында орталық, жергілікті атқарушы билік құрылымдарына міндет қойды. Ауылдарға газ, су келіп, жол және өзге де инфрақұрылымдардың тартылуы осынау міндеттердің орын-далуына негіз болары анық. Осы қос ауылдағы қос қуаныш өзге ауылдарға да жұғысты болғай деп тілейміз, – дейді Теректі аудандық мәслихатының хатшысы Әлжан Нұрғалиев.
Сәкен Әбілхалықов,
zhaikpress.kz
Марат Сарбөпеев,
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
– Приречный ауылында туып-өстім. 1990 жылы ауылдағы орта мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам бастым. Содан бері Оралдамын ғой. Дегенмен де ауылда апа-жездем, тума-туысқандарым тұрады. Жолдың түсуіне байланысты ай сайын немесе екі-үш айда бір баруға тырысамын.
Ауылымыздың табиғаты тамаша, халқы еңбекқор. Қарашығанақ кен орнынан 40 шақырымдай жерде орналасқан ауылымызға газ қашан келеді екен деп әкем марқұм армандап кетті. Тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында бір қыстан шығу үшін 4 тонна көмір мен ағаш жеткізу оған да оңай болған жоқ. Ауылымызда әлі де егде жандар бар. Оларға от жағып, күл шығару қиын. Осындай мехнаттан болса керек, көп адам өзге жаққа қоныс аударды. Көше бойында қаңырап бос қалған үйлерді не бұзып алған үйлердің орнын көрген сайын көзіме жас келеді. Сондай сәттерде «Егер бір дөкей немесе бай болсам, ауылыма бірінші кезекте газ тартудың амалын жасар едім» деген ойлар келетін. Аудан басшыларымен болған кездесулер кезінде ауылға көгілдір отын тарту мәселесін айттым.
Ел-жұрттың тілегі қабыл болып, ауылымызға газ бен су келгеніне қуаныштымыз. Үкіметке, облыс, аудан басшыларына ауылдағы ағайынның атынан ризашылығымды білдіремін.
Валентина Сайфуллина,
Богданов ауылының тұрғыны:
– 2005 жылы Жалпақталдан Богданов ауылына көшіп келдік. Содан бері ағаш, көмір сатып алып, үйді жылытып жүрміз. Суды көршілерден шелекпен тасыған едік. Жастары егде тартқан ата-анама, мүгедек қызыма мұның бәрі қиындық тудыратын. Енді ол қиындықтың бәрі келмеске кеткеніне, бұл туралы өткен шақта айтып отырғаныма қуанамын.