Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қылыш Жазықбаев бастаған комиссия мүшелері Шыңғырлау ауданы бойынша газ қолдану және жабдықтау мәселелерімен мекеме, бөлімдерге, тұрғын үйлерге рейд жүргізді.
Рейд барысында техникалық қауіпсіздік ережелері мен газ тұтыну барысындағы сақтық шаралары да түсіндірілді. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жеке тұрғын үй секторларына жадынамалар таратты.
Сонымен қатар партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудандағы дүкендер мен базарларға қандай дәрі-дәрмектердің әкелінетіні және сатылатындығына байланысты рейд жүргізді. Рейд барысында адам денсаулығына қауіп төндіретін препараттардың сатылымда жоқ екені анықталды.
С. Байтенова,
«Nur Otan» партиясы
Шыңғырлау аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары