8.05.2025, 17:00
Оқылды: 200

Бақытты балалыққа лайықты әр бала!

Дүниеде баланың көңіліндей таза, баланың жүрегіндей нәзік нәрсе жоқ. Сырым ауданының білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бас маманы ретінде мен оны жақсы білемін. 

Ауданымыздағы қамқорлыққа алынған балалар үшін бірге Орал қаласына бір күндік танымдық саяхат ұйымдастырғанымызда біз осыны ойладық. Танымдық сапар – балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, дүниетанымын кеңейтуге, өмірге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

PHOTO-2025-05-06-11-52-42

Сырым аудандық білім бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыловтың қолдауымен жүзеге асқан бұл сапарда балалардың жүзіндегі шаттықты көру – ең үлкен марапат. Бақтыгүл Ережепқызының “Кульчикова” жеке кәсіпкерлігі демеушілік етіп, шарамызды жаңа деңгейге көтерді. Осындай қамқор жандардың мейірімі мен жанашырлығы – бала бойында сенім мен ізгілікті қалыптастырады.

PHOTO-2025-05-06-11-53-03

Балалар “Nur - Er” этно - туристік кешеніне барып атқа мінді, “Солтүстік ертегісіне” барып, хайуанаттарды тамашалады, бұғыларды тамақтандырды. Оралдағы мәдени - демалыс саябағында айдын бетінде моторлы қайықпен қыдырды. Балаларға ең ұнағаны - қыш құмыралар шеберханасына барып, құмыра жасаған сәттері.

PHOTO-2025-05-06-11-53-57

Балалық – қамқорлық пен махаббатты қажет ететін ерекше кезең. Ал біз, үлкендер, сол мейірім мен жанашырлықты көрсету арқылы балалардың қоғамға бейімделуіне, өзін табуына, өмірге құштар болып өсуіне себепкер бола аламыз.

Гүлнұр Қуанбаева,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале