15.05.2025, 15:00
Оқылды: 627

“Бақытты отбасы - берекелі қоғам”  

Бүгін Отбасы күніне орай Тасқала аудандық Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы - берекелі қоғам” атты дөңгелек үстелі өтті.  
image-15-05-25-02-16-2
Іс-шарада  әр саланың, майталманына айналған, елге үлгі  боларлық отбасылардың басын қосқан ерекше кездесу бой алды.Әсерлі кездесуге аудан әкімі Талғат Шакиров,аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандвқ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Кентугаева,”Аналар” кеңесінің  төрайымы Аққаным Мендыгалиева, қазіргі таңда балалары көп жетістікке жеткен, үлгілі отбасылардың  бірі Құрмашевтар әулеті Сындар Айдекенқызы және бірге өмірін әртүрлі  салаға арнап,отбасылық  құндылықтарды сақтап келе жатқан құрметті отбасылар Білім нәрімен  сусындатып келе жатқан үлгілі шаңырақ педагогтар әулеті - Нұрболат Шапиков, Гүлсара Шапикова.Денсаулық сақтаудың қамын күйттеген  медицина саласындағы  әулет - Серік Тұрысбеков, Зарина Кунтаева.Өнердің биігін бағындырған мәдениет саласында  қызмет етіп жүрген әулет - Данабек Алжекенов, Бинұр Хабидашева.
image-15-05-25-02-16
Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әулет - Қайырбек Давлетов, Зейнегүл Давлетова қатысты. Еркін форматта өткен жылы кездесуде түрлі салада еңбек етіп жүрген, берекелі, үлгілі  отбасылар тәжірибелерімен  бөлісіп, әр отбасының әдемі естеліктерімен әңгіме өрбітіп, өмірлерінен сыр шертті. Әр отбасының жүріп өткен жолы - тұтас қоғамға үлгі.
image-15-05-25-02-16-1
Бірлігі жарасқан  отбасы –елдің іргесін бекітеді. Қоғамның сәнің келтіретін үлгілі отбасылар көп –болғай. Әдемі кездесуден соныңда әр отбасыға алғыс хаттармен, сыйлықтар табыс етілді.
Гүлмира Мақанова, 
Тасқала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале