Ұлттық спорттың төресі - қазақ күресі Бөрлі ауданында жақсы дамып келеді. Дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтіп, балуандардың тәжірибесін нығайтатын жарыстар ауданымызда көп ұйымдастырылып жатыр. Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Бала барысы» турнирі соған дәлел. Жылдың басты турниріне айналған шара бүгін тағыда жас есімдерді анықтады.
Жалпы жарыста «Бура», «Қасқыр», «Тана», «Жолбарыс», «Ураган» тағы басқа лақап аттарымен келген 25 жас балуан намысты қолдан бермеуге тырысты.
Көрермен арасында ел таныған ағалары Темірлан Көлбай мен Әділбек Сейісовтардың болуы да жас балуандарға жігер берді.
2010 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасындағы жарыста ІІІ орын Бөрлі №1 мектебінің оқушысы «Бөрлі барысы» лақап атымен шыққан Муслим Амангелді алса, финалға шыққан қос мықтының бірі Ақсай қаласының №4 мектебінің оқушысы «Ысық» лақап атымен шыққан Ораз Исмаил ІІ орынды еншіледі. Ал «Бала барысы» белбеуі Ақсай қаласының № 1 мектебінің «Бура» лақап атымен шыққан Абылайхан Жолдыбайға бұйырды.
Жалпы ауданда аталған турнирді өткізугеді идея авторы Серік Қалимолла екенін айта кеткен жөн.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz