2.03.2023, 19:01
Оқылды: 37

Бала тәрбиесіндегі әкенің орны

Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы институтын насихаттау, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру мақсатында аудан орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала тәрбиесіндегі әкенің орны» тақырыбында әкелер форумы өтті.

әкенің орны (1)

Бұл күні мектеп фойесінде көркем еңбек пәні мұғалімі И.Тастембекованың ұйымдастыруымен оқушылардың қолөнер жұмыстары қойылып, дене шынықтыру пәні мұғалімі және «Асық ойыны» үйірмесінің жетекшісі Ғ.Амангелді әкелермен оқушыларға асық ойынын ойнатты. Сонымен қатар шахмат, тоғызқұмалақ үстел үсті ойындарынан шеберлік сыныптары және «Балаларға көруге және оқуға ұсынамын» айдарымен кітап көрмесі ұйымдастырылып, әкелер балаларға өздері оқып жүрген кітаптарын ұсынды. Форумның ашылу салатанатында сөз алған мектеп директоры Жанар Жұмалиева мектепте апта бойы өткізіліп жатырған «Үлгі тұтар асқар тауым» акциясының мақсатымен таныстырып, шараға қатысушы спикерлер мен әкелерге алғысын айтты. Аталмыш шараға спикер ретінде облыстық «Ата сөзі – бата сөз» батагөйлер байқауының Бас жүлде иегері, еңбек ардагері (мектебіміз ашылғанда фойедегі Сәтбаевтың портретін салған суретші) Жұмагелді Әбуұлы, Тасқала ауылдық округі «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Мақсат Хайроллаұлы, Достық ауылдық округі әкімі  Хафиз Маратұлы, Тасқала ауданы полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Азамат Қадыржанұлы және мектебіміздің тәлімгері Райымбек Берікұлы қатысты.  Шара еркін форматта өтті. Спикерлер "қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында белең алып отырған құқықбұзушылықтар, олардың себеп-салдары, баланың тәрбиесіне не әсер етеді? Баланы кім, қалай тәрбиелеу қажет? Әке мен бала арасындағы қатынас қандай болуы керек? Абайдай баланы тәрбиелеп, әкеден өте тууы үшін не қажет?" деген сұрақтар шеңберінде сұхбаттасты.   Сонымен қатар шара соңында сөз алған қатысушылар жас ұрпақтың еліне деген сүйіспеншіліктерін дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, отбасы институтын нығайтуға әкелердің атсалысу бағыттары бойынша пікірлерімен бөлісіп, осы бағытта атқарылар жұмыстар бойынша ұсыныстарын айтып, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өтізілетін шараларға белсенді қатысуға шақырды. Шара Жұмагелді атамыздың ақ батасымен өз мәресіне жетті.

 

А.Сейтмуханова,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале