10.09.2020, 10:11
Оқылды: 50

Бала жүзіне күлкі үйірді

Қоғамдық бақылау мүшесі Дулат Мақатовтың бастамасымен Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы  «Жүректен жүрекке» деп ұрандатып, дәстүрлі "Мектепке жол" акциясын ұйымдастырды.

Bala

Аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында және әртүрлі әлеуметтік себептер бойынша баланың мектептен қалуының алдын алу үшін өткен шара 30 отбасының бір күнде мерейін асырды. «Қайырымдылық – баяғыдан қазақ халқының қанында бар қасиет. Сол асыл қасиетті жоғалтпай, жақсылық жасау өмірлік парыз екенін ұмытпайық дегім келеді. Осы бастамаға қолдау білдірген БҚО Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымына, «ДСК Приоритет» ЖШС, «Нургалиева А.К» ЖК, «Магтоксин» ЖШС, «Рашидов А.Л» ШҚ, «BIRLIK» еріктілер тобы, әріптестеріміз бен ниет білдірген барша достарымызға алғыс айтамын. Игі істеріміз бен жарқын сәттеріміз көп болсын», – деп алғысын жаудырды Дулат Нұрланұлы.

Бүлдіршіндердің жүзіне үйірілген күлкі – жарқын болашақтың белгісі.

Әселханым Ғайнеден,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале