Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше балалар Орал қаласындағы "Жайық самалы" бассейніне баруды бастады.
Орал қаласында ем алып жатқан ерекше балалар бассейнге барып, бойларын сергітті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ниет білдірген балалардың барлығының баруына мүмкіндік болмады.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиевтің қолдауымен ұйымдастырылған бассейнмен емделу тұрақты жүзеге асырылады.
Аудан бойынша Орал қаласындағы бассейнге барып тұруға 10-12 бала ниет білдіріп отыр.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz