11.10.2022, 17:30
Оқылды: 44

«Балалар – өмірдің гүлі»

Таяуда Теректі аудандық Достық үйінде Балалар жылы аясында 6-18 жас аралығындағы ерекше балалар арасында «Балалар – өмірдің гүлі» атты облыстық шығармашылық фестивальдің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

IMG-20221011-WA0032

Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға етене араластырудың тиімді тәжірибесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған фестивальге Ақжайық, Подстепный, Теректі, Шаған және Шағатай ауылдық округтерінен 11 үміткер қатысты.

Әр қатысушы «Эстрадалық вокал», «Көрме», «Көркем сөз оқу» және «Аспапта ойнау» аталымдары бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойыша әділқазылардың шешімімен «Эстрадалық вокал» аталымында Нұргүл Нұрланова (Шағатай), көркем сөзді нақышына келтіріп оқыған подстепныйлық Қуанғали Кенжебай мен аспапта керемет ойнайтын оның жерлесі Әділхан Оралбаев облыстық шығармашылық фестивальге жолдама алды.

Барлық балалар мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осы орайда сайыстың жоғары деңгейде өтуіне көмек көрсеткен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Достық үйі ұжымы және жомарт кәсіпкерлер - Василий Савченко мен Сержан Идиятовқа алғыс білдіреміз.

Н.Магзумова,
«БҚО мүгедектері ерікті қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық
филиалының төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале