Шыңғырлауда жаңа жыл мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде бүлдіршіндерге арналған аудан әкімінің шыршасы өтті.
Сиқырлы ғажайып сезімге толы мереке қарсаңында балақайларға тамаша көңіл-күй сыйлаған шараға әр ауылдан аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан, ерекше балалар келіп қатысты. Әдемі киімдерін киіп, өздерінің өнерлерін дайындап келген 32 балақайды аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап, қаржылай сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.
Дайындалған сый-сыяпаттар, ойындар, түрлі тосын сыйлар, барлығы бөбектерге керемет әсер сыйлады. Әсем шыршаны айналып, би билеп, ән салған балапандар Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алып, шат-шадыман күйге бөленді.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz