13 қаңтар күні С.Садықов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Балалар және жасөспірімдер» бөлімінің ұйымдастыруымен «Маша мен Аю және оның достары» атты ертегі сахналанды. Казталов ауданына белгілі өнер майталманы Балғаным Губашеваның керемет туындысы көрермен көңілінен шықты.
Ертегінің басты мақсаты – адал жүректі, ақ көңіл, шынайы кішкентай періште көрермендердің жүзіне күлкі ұялатып, кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлау. Ертегі желісі арқылы көрермендер «Балалар жылында» өткізілген түрлі шаралар мен сол жылы жетістікке жеткен балаларды көгілдір экран арқылы тамашалап, есігімізден енді енген жаңа жылдың жақсылығымен келіп жаңашылдыққа толы жыл болуына және де кішкентай көрермендердің сол мерекені бірге тойлауына себепкер бола алуы ойластырылған. Қойылымның әрі қарай тартымды өрбуіне ат салысқан сайқымазақ және өзге де кейіпкерлер қойылым барысында ән салып, балалармен бірге би билеп түрлі өнерлерін ортаға салды. Барлық бала көгілдір экран арқылы көретін, үнемі бүлік жасап жүретін Маша бүгінгі ертегіде достарымен келіскен, татулығы жарасқан,еңбекқор сегіз қырлы бір сырлы кейіпкер ретінде танылды. Ертегіде әр берілген рөлді жоғарғы деңгейде сомдап, бала жүрегіне жеткізе білу актёрдің асқан шеберлігі деп білеміз.
Кейіпкерлер рөлін сомдаған мәдениет қызметкерлері образдарын шынайылықпен өте жоғарғы кәсібей деңгейде көрсете білді. Дәлірек айтар болсақ, Нұргелді Камалединов Аюдың, Ақнұр Бақытжан Машаның, Қайрат Абдулов шошқаның, Мейрам Мақсот қасқырдың, Ираида Сафаева қоянның, Данагүл Жұмабаева ақшақардың және Санжар Алипов сайқымащақтың образын аша білді.
Ертегіде сахна реквезиттері мен кейіпкерлердің киімдері мәдениет үйінің қызметкері Сайран Жүнісованың қолынан шыққан дүниелер.
Ертегі балаларды шаттандырды. Қоғамдағы бала рөлін айқындап берді. Алдағы уақытта да балаларға арналған туындылар жарық көреді деп сенеміз!
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz