Қаратөбе ауданында ақ халатты жандар игі іске ұйытқы болды. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан алты баланы тегін сүндетке отырғызып, елдің алғысына бөленді.
Игі іс аудандық аурухананың бас дәрігері Ербол Меңдіғалиевтің бастамасымен жүзеге асты. Тұңғыш рет ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолға алынды.
Балаларды сүндетке отырғызған жас маман, білікті хирург дәрігер Нұрбол Құдайбергенов игі істің басы қасынан табыла білді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz