26.04.2022, 18:00
Оқылды: 27

Балалардың қауіпсіздігі маңызды

Соңғы уақытта елімізде орын алған жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі балалардың өлімі немесе түрлі санаттағы дене жарақаттарын алумен аяқталуда. Жол-көлік оқиғаларының орын алуына балалар мен жасөспірімдердің де себепкер болатыны жасырын емес. Арнайы белгіленбеген аймақта жолды кесіп өту, жол үстінде ойнау, жол белгілеріне назар аудармаудың арты қайғылы оқиғаларға ұласып жататыны белгілі.

1

Кеше Казталов ауданы орталығында аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Нұрхан Ғазизов және полиция майоры Ақылжан Меңдіғұлов балалар мен жасөспірімдерге жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Абайлаңыз, балалар» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген түсіндіру жұмыстары кезінде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынды.

5

-Ағымдағы жылы балаларға қатысты бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға баланың арнайы белгіленбеген аймақта, яғни жол үстінде ойнауы салдарынан орын алып отыр. Осы және облыс көлемінде балаларға қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 15 сәуір мен 20 мамыр аралығында «Абайлаңыз, балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында аудан тұрғындары және балалар мен жасөспірімдерге жол ережесін түсіндірудеміз. Осы орайда ата-аналарға балалардың ойын алаңдарында немесе жеке тұрғын үй аумағында ойнауын қамтамасыз етіп, жол ережелерін түсіндіруін ескертеміз, - деді Казталов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Нұрхан Ғазизов.

6

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале