17.02.2022, 14:45
Оқылды: 26

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры М.Нұршинов, сол бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Мұқанов бірлесіп, "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты  жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

A5C5779C-A472-4E4C-8E47-810D5173A2C8

Шараның алғашқы күні Б.Момышұлы атындағы мектепке барған құқық қорғаушылар 1-сынып оқушылары арасында қысқы кезеңде жол қауіпсіздігінің алдын алу және ескерту төңірегіндегі профилактикалық іс-шара өткізді. Онда қатысушыларға жолды кесіп өту, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

520FE81C-2CB6-41BF-A238-887A39142AA4

Жергілікті полиция қызметінің мамандары мұндай шаралар ауданның барлық мектебінде өткізілетінін айтады.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале