«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалына қарасты 17 бастауыш партия ұйымдары да акциядан тыс қалмай «Баланы мектепке даярлайық» акциясына бір кісідей үн қосуда. Күні бүгінге «Мәдениет», «Сырым», «Жымпиты», «Алғабас», «Бұлдырты» бастауыш партия ұйымдары партиялық мүшелік жарнаның 20% қайтарымынан түскен қаражат есебінен 12 балаға мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын алып берді. Бес бастауыш партия ұйымы балаларға 123270 теңгеге көмек көрсетті.
Акцияның басты мақсаты балалар біздің болашағымыз екендігін ескеретін болсақ, олардың алаңсыз білім алуына қол ұшын беру, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету болып табылады. Бұл акциядан маслихат депутаттары да шет қалмақ емес.
Талғат Дарғожиев,
AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы